ШҚО ПД бөлімшелерінде тәртіп пен заңдылық мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО ПД бөлімшелерінде тәртіп пен заңдылық мәселелері талқыланды

ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Манапов ШҚО ІІО және Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаевпен бірге Өскемен қаласы Полиция басқармасы мен Риддер қаласы полиция бөлімінің жеке құрамымен жұмыс кездесулерін өткізді.

Кездесулер барысында заңдылық пен қызметтік тәртіпті сақтау, жол жүрісі қағидаларын орындау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қызметтік әдеп талаптарының бұзылуының алдын алу мәселелері қаралды. Сондай-ақ ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалға ерекше назар аударылды.

Талқылау барысында профилактикалық жұмысқа да басымдық берілді. Серік Манапов қызметтік талаптардың сақталуын тұрақты бақылауда ұстаудың, мәселелерді дер кезінде анықтап, олардың алдын алуға бағытталған нақты шаралар қабылдаудың маңызын атап өтті.

«Қызметке жауапкершілікпен қарау ең алдымен белгіленген талаптарды сақтау мен жеке тәртіптен басталады. Құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін оған салдарымен күресіп қана қоймай, дер кезінде шығу себебін анықтап, алдын ала шара қабылдау маңызды. Бұл қызмет сапасына және азаматтардың сеніміне тікелей әсер етеді», – деді Серік Манапов.

Кездесулерде «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру мәселесі де талқыланды. Қызметкерлерге қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ең алдымен полицейлердің заң талаптарын мүлтіксіз сақтауынан, қызметтік міндеттерін кәсіби деңгейде орындауынан және азаматтарға құрметпен қарауынан басталатыны айтылды.

Жиындарда ШҚО ІІО және Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев пен Жеке құраммен жұмыс инспекциясының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Руслан Әзімжанов сөз сөйледі. Олар қызметке жауапкершілікпен қарау, белгіленген талаптарды сақтау және кәсіби біліктілікті үнемі арттырып отырудың маңызын атап өтті.

Кездесулер соңында бірқатар қызметкер құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз еткені үшін» медальдарымен марапатталды. Сондай-ақ қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, ерекшеленген полицейлерге Шығыс Қазақстан облысы әкімінің алғыс хаттары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және ШҚО Полиция департаменті бастығының грамоталары табысталды.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1293625?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version