Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімі Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 1–2 курс студенттеріне «Конституция — Қазақстан Республикасының Негізгі заңы: негізгі ережелерін түсіндіру» тақырыбында дәріс өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

КОНСТИТУЦИЯ — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢЫ

Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімі Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 1–2 курс студенттеріне «Конституция — Қазақстан Республикасының Негізгі заңы: негізгі ережелерін түсіндіру» тақырыбында дәріс өткізді.
📚 Дәріс барысында студенттерге Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері, онда бекітілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ азаматтардың негізгі міндеттері түсіндірілді.
🎓 Іс-шара барысында Конституцияның құқықтық мемлекеттің негізі ретіндегі маңызына, заңдылықты сақтау мен жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Іс-шараның мақсаты — студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Негізгі Заңына деген құрметті қалыптастыру.
⚖️ Өз құқықтары мен міндеттерін білу — әр азаматтың құқықтық мәдениетінің негізі!

#СҚОӘділетДепартаменті #ҚРКонституциясы #ҚұқықтықСауаттылық #ЗАҢМЕНТӘРТІП #ҚозыбаевУниверситетіСтуденттер

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1293729?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version