2026 жылғы 17 қыркүйекте «Шәкерім атындағы орта мектебі» КММ базасында физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Т.И. Аманов атындағы 9–11 сынып оқушыларына арналған математикадан облыстық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді.
Білім сайысына аудан мектептерінен 13 оқушы қатысып, өз білімдері мен математикалық қабілеттерін сараға салды.
Олимпиада қорытындысы бойынша 2 оқушы жүлделі орындарға ие болып, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Жас математиктерді жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы білім додаларында биіктерден көрініп, толағай табыстарға жете берулеріне тілектеспіз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-roo/press/news/details/1293747?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау