«Қ.Байсейітов атындағы орта мектеп» КММ-де ата-аналарға арналған «Телефондағы отбасы» тақырыбында цифрлық қауіпсіздік бойынша ақпараттық кездесу өткізілді.
Кездесу барысында балаларды интернеттегі қауіп-қатерлерден қорғау, жеке мәліметтердің құпиялылығын сақтау, күмәнді сілтемелерден сақтану, телефонды тиімді пайдалану және экран алдындағы уақытты дұрыс ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар ата-аналарға отбасында цифрлық мәдениетті қалыптастыру, баламен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнату жөнінде пайдалы кеңестер берілді. Баланың цифрлық ортадағы қауіпсіздігі — мектеп пен ата-ананың ортақ жауапкершілігі!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-zholbarys-batyr/press/news/details/1293756?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау