«Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Темір ауданының полиция қызметкерлері есірткі құрамдас өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады. Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында жалпы салмағы 11 келіге жуық өсімдік тектес зат тәркіленді.
Шұбарши ауылындағы жеке үйлердің бірінде жүргізілген тінту кезінде аула аумағынан арнайы дайындалған жер учаскелері анықталып, онда есірткі құрамдас өсімдіктер өсірілгені белгілі болды. Барлығы алты түп жасыл өсімдік табылды.
Сонымен қатар үй мен монша ішінен өсімдік тектес зат, тұқымдар және оларды сақтауға пайдаланылған түрлі ыдыстар мен орамалар тәркіленді. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 11 келіге жуық. Барлық алынған заттар тиісті сараптамаға жолданды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ер адамның көктем айларынан бастап ауладағы жерді күрекпен қазып, арнайы ойықтар жасап, оған есірткі құрамдас өсімдіктің тұқымдарын еккені анықталды. Кейін өсімдіктерді суарып, күтіп-баптаған. Өз жауабында оларды жеке тұтыну мақсатында өсіргенін айтқан.
Ер адам өз кінәсін толық мойындады.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1293780?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау