17 қыркүйек күні Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Тіл саясатындағы жаңа бағыттар: нәтижелер және жоспарлар» тақырыбында брифинг өтті.
Брифинг барысында облыс деңгейінде мемлекеттік тіл саясатын іске асыру, негізгі көрсеткіштердің орындалу барысы мен алдағы жоспарлар таныстырылып, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар басқарманың ұйымдастыруымен өткізілетін облыстық байқаулар мен жобалар, ақпараттық-түсіндіру және мониторинг жұмыстарының нәтижелері атап өтілді.
БАҚ өкілдері тарапынан мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі, мемлекеттік органдарда іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу деңгейі, жүргізілген тексерулердің нәтижелері, анықталған кемшіліктердің жойылуы, кәсіпкерлерге қолданылған әкімшілік шаралар және қазақ тіліндегі контент үлесіне қатысты сұрақтар қойылды.
Қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
#ТілСаясаты
#Брифинг
#ӨңірлікКоммуникацияларҚызметі
#ҚарағандыОблысыныңТілдердіДамытуЖөніндегіБасқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1293699?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау