Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық жетінші сессиясы өтті. Сессияны Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Сәрсенбаев Ғаппар Амантайұлы ашып, жүргізді.
Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, қала әкімінің міндетін атқарушы Айдос Тоғызбаев, қала әкімінің орынбасарлары Аманжол Бекбол және Мадияр Әліпов, қала әкімі аппаратының басшысы Қуаныш Әлібеков және бөлім басшылары қатысты.
🔹 Сессияның күн тәртібінде Түркістан қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою және мәслихат регламентін бекіту мәселелері қаралды.
💬 Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылды. Аталған мәселелер жан-жақты қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия барысында қала мәслихатының жұмысын одан әрі жетілдіруге бағытталған мәселелер талқыланып, белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті шешімдер қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-city/press/news/details/1294056?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау