ЗЕЙНЕТАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ
Зейнетақы – әр адамның лайықты өмір сүруіне берілетін мемлекеттік кепілдік.
1. Зейнетке шығу жасы
* Ерлер – 63 жас
* Әйелдер – 61 жас
* 5 және одан да көп бала туып, оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер – 53 жаста
2. Зейнетақының негізгі құрамдас бөліктері
Зейнетақы үш негізгі төлемнен тұрады:
1. Базалық зейнетақы төлемі – барлық зейнеткерлерге.
2. Жасына байланысты зейнетақы – еңбек өтілі мен табыс көлеміне байланысты.
3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін төлем – зейнетақы жинақтарына байланысты.
3. Жасына байланысты зейнетақы тағайындау үшін
* 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемінде 6 ай еңбек өтілі болуы қажет;
* зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде белгіленген кезеңдегі орташа айлық табыс ескеріледі;
* 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі құжаттармен расталуы тиіс.
4. 1998 жылға дейінгі еңбек өтілін растау
Еңбек өтілі:
* еңбек кітапшасы;
* жұмыс істегенін растайтын архивтік анықтамалар;
* тиісті құжаттар;
* қажет болған жағдайда сот шешімі арқылы расталуы мүмкін.
5. Өтініш қалай беріледі?
Зейнетақы тағайындау үшін азамат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы өтініш береді.
Өтініш беру кезінде жеке басын куәландыратын құжатпен жүгіну қажет.
6. Құқықтық негіз
Зейнетақы тағайындау тәртібі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен және зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-uko/press/news/details/1294182?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау