Жақсы ауданының прокуратурасы полиция органдарын және уәкілетті мемлекеттік органдарымен бірлесіп «Заң мен тәртіп» бірлесіп, 5–11 сынып оқушылары арасында «PRO TIME – Прокурор сағаты» профилактикалық іс-шараларын өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауаптылығы, буллингтің алдын алу, балалардың құқықтарын қорғау және жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелері түсіндірілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1293736?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау