Жақсы ауданында халықты сапалы мобильді байланыспен және интернет желісімен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жақсы ауданында Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мусалиевтің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында аудан тұрғындарын тұрақты әрі қолжетімді интернетпен қамтамасыз ету, мобильді байланыстың сапасы мен қамту деңгейін арттыру, сондай-ақ ауылдық елді мекендердегі интернет инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралды.

Жиынға Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің, байланыс саласындағы өңірлік инспекцияның, Ақмола облысының цифрландыру және мұрағаттар басқармасының, «Қазақтелеком», «Транстелеком» акционерлік қоғамдарының және мобильді байланыс операторларының өкілдері қатысты.

Ауылдық елді мекендерде 2G және 3G форматындағы мобильді интернет белгілі бір қажеттіліктерді қамтамасыз еткенімен, байланыс сапасы мен интернет жылдамдығын одан әрі жақсарту қажеттілігі атап өтілді. Сонымен қатар халық үшін мобильді байланыс пен интернет тарифтерінің қолжетімділігін арттыру мәселесіне назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді кезең-кезеңімен шешу және тұрғындарға көрсетілетін байланыс қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмысты жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1293719?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version