Жылыту маусымы алдындағы профилактика

Жарияланды:

Автор:

категорияда

    Көксу ауданында жылыту маусымы қарсаңында тұрғын үй секторындағы өрттердің және улы газдан уланудың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жалғасуда.

   Бүгін Көксу ауданының Маулембай ауылында Жетісу облысы ТЖД қызметкерлері қатты отынмен жылытылатын пештері бар үйлерді аралап, профилактикалық жұмыстар жүргізді. Жұмыс барысында шамамен 60 улы газ датчигі орнатылды.

   Іс-шараға газ қызметінің, РЭС қызметкерлері және ауылдық округ әкімдігінің өкілдері қатысты. Тұрғындарға пештер мен жылыту жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндіріліп, жылыту жүйелерін уақтылы тексерудің маңыздылығы ескертілді.

   Профилактикалық жұмыстар барысында қатты отынмен жылытылатын тұрғын үйлерге ерекше назар аударылуда. Мұндай үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау аса маңызды. Мамандар жылыту маусымы басталар алдында пеш пен мұржаның жарамдылығын тексеріп, мұржаны күйеден тазартуды және пештің айналасында қауіпсіз қашықтықты қамтамасыз етуді ұсынады.

   Профилактикалық аралау жұмыстары қауіпсіздік талаптарының бұзылуын анықтап қана қоймай, тұрғындарға төтенше жағдайлардың алдын алуға және адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған қажетті шараларды уақтылы түсіндіруге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/1293679?lang=ru

Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version