🌿 ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
19 қыркүйек – Дүниежүзілік тазалық күніне орай Қызылтал ауылдық округіне қарасты А.Назарбеков және Көкжелек ауылдарында абаттандыру және тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Қызылтал ауылдық округінің әкімі Д.Атаев және Ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Бейсенов сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын туған жердің тазалығын сақтауға және тазалық жұмыстарын жүргізуге белсенді атсалысуға шақырды.
Аталған іс-шараға ауылдық округ аумағындағы бірқатар мекемелердің қызметкерлері белсене қатысты. Атап айтқанда, Б.Момышұлы атындағы орта мектебі, «Бурыл-Байтал» ормандар және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі, Көкжелек дәрігерлік амбулаториясы, А.Назарбеков ауылының Ә.Молдағұлова атындағы шағын орталықты орта мектебінің ұжымдары өз үлестерін қосты.
Сонымен қатар, ауылдың белсенді азаматтары да игі бастамадан тыс қалмай, өздеріне тиесілі көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізді.
🧹 Тазалық – ортақ міндет!
🌱 Туған жердің тазалығын сақтау – әр азаматтың жауапкершілігі!
Барша тұрғындарды ауыл-аймақтың тазалығын сақтауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға және осындай игі бастамаларға белсенді қатысуға шақырамыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-kyzyltal/press/news/details/1294830?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау