Байқаудың басты мақсаты – өр рухты ақын Махамбет Өтемісұлының шығармаларын кеңінен насихаттап, өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтар мен рухани тәрбиені сіңіру.
Облыс көлемінде өткен байқауға 5 бағыт бойынша 53 оқушы қатысып, олардың 31-і жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, І орынға – 4 оқушы, ІІ орынға – 11 оқушы, ІІІ орынға – 16 оқушы лайық деп танылды.
Сонымен қатар, байқауға қатысқан барлық оқушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-edu/press/news/details/1294617?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау