Әлеуметтік қолдау шаралары және қаржылық сауаттылық бойынша түсіндіру жұмыстары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылы қыркүйек айының 14–18 күндері аралығында Оқушылар сарайында білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Бала болашағы, тәрбие және қауіпсіздік» тақырыбында жалпықалалық ата-аналар жиналыстары өтті.

Іс-шараға білім саласының мамандарымен қатар құқық қорғау органдары, төтенше жағдайлар қызметі, әлеуметтік қорғау,  денсаулық сақтау мекемелері, Отбасын қолдау орталығы, қалалық Аналар кеңесінің өкілдері қатысты.                                 

 Жиналыс барысында «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ маманы атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, мүгедектігі бар балаларды үйде оқыту және мұқтаж азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар, «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 90 күннен астам мерзімі өткен несие берешегі бар азаматтарға қаржылық сауаттылық және қарызды реттеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-balhash/press/news/details/1294797?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version