Қала күні қарсаңында Әуезов ауданының тұрғындары үшін тағы бір жағымды жаңалық – 9-шағынауданда жаңа Белсенді ұзақ өмір орталығы өз есігін ашты.
Бұл – ауданымызда жұмыс істейтін үшінші Белсенді ұзақ өмір орталығы. Жаңа орталық күніне 250-ге жуық зейнеткерді қабылдауға мүмкіндік береді.
Мұнда егде жастағы тұрғындардың денсаулығын нығайтып, бос уақытын пайдалы әрі қызықты өткізуіне барлық жағдай жасалған. Скандинавиялық жүріс, емдік дене шынықтыру, йога, теннис, ұлттық және латынамерикалық билер, шахмат, шығармашылық, қыш өнері, гидропоника, хор және қазақ тілі курстары ұйымдастырылады. Сондай-ақ психолог кеңесін алуға болады.
Жаңа орталық – тек түрлі үйірмелер өтетін орын ғана емес, тұрғындардың жаңа орта тауып, араласып, белсенді әрі мазмұнды өмір сүруіне арналған жайлы кеңістік.
Мекенжайы: 9-шағынаудан, 26А
Байланыс телефоны: +7 747 016 1465
Құрметті зейнеткерлер, сіздерді Белсенді ұзақ өмір орталығында күтеміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1294768?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау