Алматыда мыңдаған жас суретшілер рекорд орнатты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматыда бір мезетте мың бала «Almaty: Bala.Art – Мың бала» масштабты пленэріне жиналып, сүйікті қаласын қылқалам құдіретімен бейнеледі.

Жарты сағатқа созылған бұл айтулы сәт еліміздің рухани өміріндегі тарихи оқиға ретінде Қазақстанның Рекордтар кітабына ресми түрде енгізілді.
Жас суретшілер өз жұмыстарында Ұлы Жібек жолының аңыздарын, Алтын адамның сырлы тарихын, Алматының көркем көшелері мен апорт алмасын асқан шеберлікпен бейнеледі.

  Сондай-ақ балалар қаланың болашағына да ерекше көзқараспен қараған: көпшілігі кептеліссіз, заманауи метросы, LRT желісі мен әуеде ұшатын көліктері бар жаңа Алматыны бейнелеуді жөн көрген. Шаһардың көлік кептелісінен арылғаны тіпті кішкентай тұрғындардың да басты арманына айналғаны байқалады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bala/press/news/details/1294778?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version