17 қыркүйекте Ақтау қаласында «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Маңғыстау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Нива» маркалы автокөлікті тоқтатты.
Көлікті тінту барысында «Скорость» атауымен белгілі «СК» есірткі заты салынған 9 пакет тәркіленді.
Сондай-ақ, 25-шағын ауданда орналасқан гаражды тінту кезінде осыған ұқсас зат салынған тағы 4 пакет және 85 дана зип-пакет анықталды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1294590?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау