Ақтөбе ауылында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе ауылында қоршаған ортаның тазалығын сақтау және елді мекенді абаттандыру мақсатында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шараға ауыл тұрғындары мен ауыл аумағындағы барлық мекеме қызметкерлері белсене қатысып, туған жердің тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.
Сенбілік барысында ауыл аумағындағы қураған шөптер шабылып, көшелер мен қоғамдық орындар тазартылды. Сонымен қатар, шашылған қоқыстар жиналып, тұрмыстық қалдықтар белгіленген орындарға шығарылды. Айналаны абаттандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің тазалығын сақтауға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.
Ақтөбе ауылының тұрғындары осындай игі бастамаларға белсенді қатысып, ауылдың таза, көрікті әрі жайлы болуына өз үлестерін қоса бермек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-aktobe/press/news/details/1294809?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version