Ақтүбек ауылында қоршаған ортаны абаттандыру, көгалдандыру және елді мекеннің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шараға Ақтүбек ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері мен ауылдағы мекеме қызметкерлері белсене қатысты. Сенбілік барысында көшелердің тазалығы ретке келтіріліп, ауыл аумағын көркейту жұмыстары жүргізілді.
«Бір тал кессең, он тал ек!» ұранын негізге алған еңбек ұжымы Сқақ Байтукбаев көшесінің бойына Республикалық сенбілік өткізілді, сенбілік барысында 65 түп жапырақты көшет отырғызылып, 0,5 тонна қоқыс шығарылып, 25 адам қатысты. Бұл – ауылдың ажарын арттырып қана қоймай, табиғатты қорғауға, жасыл желекті көбейтуге және кейінгі ұрпаққа көрікті орта қалдыруға бағытталған игі бастама.
Туған жердің тазалығы мен көркеюі – баршамызға ортақ міндет. Осындай сенбіліктер арқылы тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру маңызды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-aktubek/press/news/details/1294814?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау