Автомобильдер-айыппұл тұрағына, борыштар-өтеуге

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Петропавл қаласының прокуратурасы сот актілерін орындаудың заңдылығы мен тиімділігінің жай-күйіне, оның ішінде алимент өндіріп алу, мемлекет кірісіне берешек және өзге де міндеттемелер бойынша тұрақты негізде мониторинг жүргізуде.

Олардың нақты орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Петропавл қаласының прокуратурасы Петропавл қаласының Полиция басқармасымен, Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен және Жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасымен бірлесіп борышкерлерді анықтау бойынша жедел-профилактикалық іс-шара өткізді.

Рейдтік іс-шара аясында борышкерлердің 100-ге жуық мекенжайына шығып, оларға берешекті өтеу және жұмысқа орналасу қажеттілігі туралы 40-тан астам хабарлама табыс етілді. Сондай-ақ борышкерлерге тиесілі 28 көлік тоқтатылды. Нәтижесінде 8 адам жалпы сомасы 800 мың теңгеге берешегін өтеп, 2 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Атқарылған жұмыстың нәтижелері бойынша атқарушылық құжаттардың талаптарын орындамайтын борышкерлер анықталды, оларға қатысты заңда көзделген шаралар қабылданды.

Прокуратура сот актілерінің нақты орындалуын қамтамасыз ету және өндіріп алушылардың, оның ішінде алимент алуға құқығы бар балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған жұмысты жалғастыруда.

                                           Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1294485?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version