Бүгін А.М. Байназаровтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Күн тәртібі аясында екі мәселе қаралды: «Федоров ауданының автомобиль жолдарының жай-күйі және жолдарда жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлары туралы» және «Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылғы 26 ақпандағы № 47 «Ленин ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есеп беруі» қаулысының орындалуы туралы.
Бірінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Д.С. Капсултанов баяндама жасап, ауданның автомобиль жолдарының жай-күйі және жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлары туралы ақпарат берді.
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары желісінің ұзындығы 558,2 км құрайды. Ағымдағы жылы бірқатар автомобиль жолдарында орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде «Ленино – Вишневое», «Вишневое – Балыкты – Уйское – Белояровка», «Байкино – Ленино», «Ленино – Кенарал» автомобиль жолдарында. Сондай-ақ апатты және қауіпті учаскелерде шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Ленино – Кенарал» автомобиль жолының 0–12,5 км учаскесінде ресайклинг жұмыстары 5,5 км-де немесе 45%-ға орындалды. Жұмыстарды ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Сонымен қатар, автомобиль жолдарын жазғы, күзгі, қысқы және көктемгі кезеңдерде күтіп-ұстау жұмыстары көзделген. «Федоровка – Костычевка» және «Большое ауылына кіреберіс» автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуге сметалық есептер әзірленді.
Мәселені қарау қорытындысы бойынша тұрақты комиссия тиісті қаулы қабылдады.
Қабылданған қаулының орындалуын бақылау мақсатында отырыста «Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылғы 26 ақпандағы № 47 «Ленин ауылдық округі әкімінің өзіне
жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есеп беруі» қаулысының орындалуы туралы» мәселе қаралды. Аталған мәселе бойынша Ленин ауылдық округінің әкімі
А.А. Сейдахметов сөз сөйледі.
Тұрақты комиссия ауданның уәкілетті органдары тарапынан қаулыны орындау бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізілгенін атап өтті және отырыс қорытындысы бойынша оны бақылаудан алу туралы шешім қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-fedorov/press/news/details/1294467?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау