Еңбек адамы – басты назарда: өңірде еңбек күні атап өтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Ақмола облысында облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың қатысуымен «Еңбек – Ел мұраты» ұранымен Еңбек күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Басты мақсат — өңір жұмысшыларын, еңбек әулеттерін, тәлімгерлер мен жас мамандарды құрметтеу, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру.

«Еңбек жолы» және «Парыз» конкурстарының өңірлік қорытындылары шығарылды, еңбек әулеттері, тәлімгерлер, жас мамандар және әлеуметтік – жауапты кәсіпорындар марапаттарға ие болды. Сонымен қатар, облыс әкімінің алғыс хаттарымен жұмысшы мамандықтарының өкілдері марапатталды.

Алтынай Әміренова өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, жұмысшы мамандықтарының ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтті.

Соңында қонақтарды концерттік бағдарлама мен мерекелік атмосфера қуантты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-social/press/news/details/1294615?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version