«Кедендік тексерулер және олардың ерекшеліктері» тақырыбында қашықтан семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) Төрағасының 26.12.2025 жылғы № 1395 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша семинарларды өткізу жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 15 – 17 қыркүйек аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы мен Комитеттің Аудит департаментінің Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасы бірлесіп «Кедендік тексерулер және олардың ерекшеліктері» тақырыбына Polycom бейнеконференцбайланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.   

     Іс-шараның мақсаты – тауарлар шығарылғаннан кейін қолданылатын кедендік бақылау нысандары.

    Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің  қызметкерлері қатысты.

     Семинар тыңдаушылары үшін Polycom  арқылы дәріс оқылды, дәріскер ретінде:

      Ашимова Гульнур Акылбековна – ҚР ҚМ МКК Аудит департаменті Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасы басшысының орынбасары қатысты.

      Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

      Іс-шара қорытындысы бойынша  білім деңгейін тексеру өткізілді, 101 қатысушылар біліктілігін сәтті арттыру туралы электронды сертификаттарын алды.  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1294539?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version