«KEGOC» ұлттық компаниясында мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейтілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 18 қыркүйекте «KEGOC» ұлттық компаниясында «Тіл тағдыры – болашаққа аманат» атты композициялық қойылым өтті. Іс-шара барысында электр энергетикасы саласының мамандары балаларымен бірге өнер көрсетіп, мемлекеттік тілдің құндылығы мен ұрпақ сабақтастығын дәріптеді.

Іс-шара аясында компаниядағы құжат айналымына жүргізілген мониторинг қорытындылары жарияланып, құжаттарды мемлекеттік тілде сапалы әзірлеген құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлердің еңбегі атап өтілді.

Қызметкерлердің тілдік құзыреттілігін арттыру мақсатында 2025 жылы 432, 2026 жылы 583 қызметкер қазақ тілін оқыту курстарымен қамтылды. Екі жыл ішінде ағылшын тілін оқыту курстарынан 289 қызметкер өтті.

2025 жылы Атқарушы дирекция қызметкерлері «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша сертификаттау тестілеуінен өтті. Нәтижесінде олардың 57%-дан астамы мемлекеттік тілді В1 және одан жоғары деңгейде меңгергенін растады.

Сонымен қатар компанияның жұмыс кездесулерінде, жиналыстарында, аппараттық кеңестерінде және басқа да іс-шараларында мемлекеттік тілдің қолданылу үлесі артып келеді.

Компанияда мемлекеттік тілді дамытуға қатысты бизнес-процестер цифрландырылып, тіл саясатын іске асыру көрсеткіштері ақпараттық жүйеде жылдар бойынша көрсетілген және құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлерге қолжетімді.

Аталған жұмыстар мемлекеттік тілдің корпоративтік ортада қолданылу аясын кеңейтуге, қызметкерлердің тілдік құзыреттілігін арттыруға және мемлекеттік тілді өскелең ұрпақ арасында дәріптеуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/language/press/news/details/1294803?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version