Көшпелі кездесу: тұрғындардың ұсыныстары назарға алынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көшпелі кездесу: тұрғындардың ұсыныстары назарға алынды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің Әл-Фараби ауданындағы кезекті көшпелі кездесуі өтті. Кездесу барысында қала басшысы 17 шағынаудан, City Park саябағы, Молдағұлов көшесі, №6 көпқабатты тұрғын үй ауласы және Ескі қала аумағында болып, тұрғындармен жүздесті.

Кездесу барысында азаматтарды әлеуметтік қолдау, кәсіпкерлік нысандарының жұмысы, қаңғыбас жануарларды аулау, сумен жабдықтау және су бұру жүйелері, қоқысты жинау және шығару, балалар мен спорт алаңдарын абаттандыру мәселелері көтерілді.

Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау, түнгі уақытта тыныштықты бұзу жағдайларының алдын алу, сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына қосымша бейнебақылау камераларын орнату мәселелері де талқыланды.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер тиісті сала мамандарына жолданып, олардың шешілуі бақылауға алынды.

Тұрғындармен тікелей байланыс орнату, көтерілген мәселелерді зерделеу және оларды кезең-кезеңімен шешу – аудан аумағында қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызды бағыты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/1294407?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version