Көлік полицейлері әуе кемесінің бортында тәртіп бұзған жолаушының құқыққа қайшы әрекетін тоқтатты.
Оқиға Мәскеу – Астана бағытындағы әуе рейсін орындау барысында орын алған. Әуе кемесі Астана әуежайына қонғаннан кейін ер адам акт бойынша Көліктегі полиция басқармасының қызметкерлеріне берілді. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов мәлімдеді.
«Көлік полицейлері 36 жастағы Ресей азаматының алкогольдік масаң күйде болғанын және қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтады. Ол әуе кемесі экипажының талаптарын орындамай, басқа жолаушылардың ар-намысына тиетін балағат сөздер айтқан», – деді полиция полковнигі.
Құқық бұзушы бірден бірнеше құқық бұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылды: ұсақ бұзақылық, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, сондай-ақ әуе кемесіндегі мінез-құлық қағидаларын бұзу.
Сот шешімімен шетел азаматы 12 тәулікке қамауға алынды.
Сонымен қатар, жолаушының бұған дейін де, бір жыл ішінде, алкогольдік ішімдік ішкені үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Көліктегі ПД ескертеді: әуе кемесінің борты – жауапкершілігі жоғары аймақ. Экипаж талаптарына бағынбау және агрессивті мінез-құлық жауапсыз қалмайды. Белгіленген талаптарды бұзғаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1294698?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау