Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған азаматтарға жәрдемақы тағайындау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған.

Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, бала асырап алушыға, қорғаншысына (қамқоршысына) мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады.

Аталған жәрдемақы баланың отбасы табысына қарамастан тағайындалады.

Жәрдемақыны қалай алуға болады?

Жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш беруші жәрдемақы тағайындауға уәкілетті органға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы немесе электрондық үкімет порталы арқылы өтініш береді.

Өтініш белгіленген нысан бойынша беріледі және мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптарға сәйкес қажетті мәліметтер ұсынылады.

Қандай мәліметтер қажет?

Жәрдемақыны тағайындау үшін қажетті мәліметтерге:

  • өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
  • баланың немесе балалардың туу туралы куәлігі туралы мәліметтер;
  • баланың мүгедектігі туралы мәліметтер;
  • неке қию немесе некені бұзу туралы мәліметтер;
  • балаға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленгенін растайтын мәліметтер;
  • бала асырап алу туралы мәліметтер;
  • тұрғылықты жері бойынша тіркелу туралы мәліметтер;
  • банктік шот нөмірі туралы мәліметтер жатады.

Көрсетілген мәліметтердің бір бөлігі мемлекеттік цифрлық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы электрондық түрде алынады.

Құқықтық негіз

Жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы №215 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті алу тәртібі мен қажетті мәліметтер туралы толық ақпаратты уәкілетті органнан немесе мемлекеттік қызмет көрсету арналары арқылы алуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1294413?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version