Маңғыстау облысы Полиция департаментінде «Отбасы күніне» арналған апталық аясында жеке құрамға ақпараттық-ағартушылық дәріс өткізілді.
Іс-шараны Маңғыстау облысының Ішкі саясат басқармасының атынан психолог, психоаналитик, психология ғылымдарының магистрі Милана Әминқызы Елеусінова жүргізді.
Шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, қоғамдағы отбасы институтының маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ отбасындағы өзара түсіністік пен тиімді қарым-қатынастың рөлін арттыру.
Дәріс барысында маман отбасы құндылықтары, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара түсіністік пен сенім, тиімді қарым-қатынас орнатудың маңыздылығы жөнінде кеңінен тоқталды.
Сонымен қатар, жеке құрам қызметкерлерімен отбасы құрудың ерекшеліктерін түсінуге және отбасылық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған психологиялық жаттығулар мен тренингтер өткізілді.
Іс-шара соңында Полиция департаменті бастығының орынбасары Алмас Мешітпайұлы Мұқан баяндамашыға мазмұнды әрі тағылымды сабағы үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде ПД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұхтар Қанғалиұлы Садақбаев полиция қызметкерлеріне отбасылық өмірдің қыр-сырын кеңінен танып-білу мақсатында «Семья и мера» кітабын тарту етті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1294588?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау