«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында 10 бекіре тұқымдас балық тәркіленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңаөзен қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз сақтау және өткізу дерегін анықтады.

14 қыркүйекте полицияға қала тұрғындарының бірінің үйінде бекіре тұқымдас балықтар сақталуы мүмкін екендігі туралы жедел ақпарат келіп түскен.

Ақпаратты тексеру барысында үй ауласындағы шаруашылық нысанының жертөлесінен төрт қара пакетке салынған 8 бекіре тұқымдас балық табылып, тәркіленді.

Тергеу барысында екі балықтың басқа тұлғаға сатылғаны анықталды. Полиция қызметкерлері сатып алушыны анықтап, оның Toyota Land Cruiser Prado автокөлігін тексеру кезінде жүксалғышынан тағы 2 бекіре тұқымдас балықты тәркіледі.

Осылайша, жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде барлығы 10 бекіре тұқымдас балық тәркіленді.

Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен қылмыстық істер қозғалды. Тергеу жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1294586?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version