Шымырлық пен ынтымақ жарасым тапқан күн!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Арқарлы ауылдық округінде әкімшілік, кітапхана және мәдениет үйі қызметкерлерінің қатысуымен тартысты спорттық сайыс өтті. Салауатты өмір салтын насихаттап, ұжымдар арасындағы ауызбіршілікті арттыруды көздеген шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Дүбірлі бәсекеде:
 Қыздар ұжымы — арқан тартыстан күш сынасып, ерекше ұйымшылдық пен жігерлілік танытты.
 Ұлдар қауымы — қол күресінде кімнің мықты екенін анықтап, өзара шеберлік байқасты.
Әрбір ұжым жеңіске деген ұмтылысы мен біртұтас ынтымағын көрсете білді. Достық пен спорт мерекесіне айналған сайыс соңында жеңімпаздар мен белсене қатысқан қызметкерлер арнайы медальдармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-arkarly/press/news/details/1294581?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version