Тазалық – ортақ міндет
Әл-Фараби ауданы, 17 шағын аудан, 16А мекенжайы бойынша сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында аумақтың санитарлық тазалығы қамтамасыз етіліп, қоқыстар жиналып, айналасы ретке келтірілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – аудан аумағының тазалығын сақтау, абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу және тұрғындар арасында қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру.
Таза әрі көрікті қала қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/1294528?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау