ТЖД қызметтік автокөліктермен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Арнайы автокөлікке жол бер» акциясы аясында жүргізушілерге арнайы көліктердің қозғалысына басымдық беру тәртібі түсіндіріліп, жолдағы қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстары.

«Қауіпсіз жол» акциясы барысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Іс-шараға Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің гарнизон жүргізуші-қызметкерлері және жергілікті полиция қызметкерлері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметтік автокөліктердің қатысуымен орын алуы мүмкін жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтау жауапкершілігін арттыру және көлік құралдарын қауіпсіз басқару дағдыларын жетілдіру.

Акция барысында жүргізуші-қызметкерлерге көлік құралдарын басқару кезінде белгіленген жылдамдық режимін сақтау, жол жағдайын алдын ала бағалау, маневр жасау кезінде қауіпсіздік талаптарын орындау және басқа да жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі түсіндірілді.

Сонымен қатар, арнайы автокөліктердің шұғыл шақыртуларға шығуы кезінде олардың қозғалысына жол берудің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Арнайы жарық және дыбыстық сигналдары іске қосылған өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметтерінің көлік құралдарына жол бермеу төтенше жағдай орнына жету уақытын ұлғайтып, адам өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін екендігі түсіндірілді.

Жергілікті полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтау, жүргізушілердің жауапкершілігі және жолдағы қауіпсіз мінез-құлық мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Өткізілген профилактикалық іс-шаралар қызметкерлердің жол қозғалысы қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін арттыруға, қызметтік автокөліктерді пайдалану кезінде тәртіпті қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/1294799?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version