Ведомтсвтвоаралық кеңес отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы А.Ғ. Әбенов және басшының орынбасары Ж.С. Кенжебаев «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысты.

Отырыс барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ қаржы пирамидалары мен киберқылмысқа, оның ішінде интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.

Қаржы пирамидалары мен дропперлікке қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар мәселесі жөнінде ЭТД басшысының орынбасары баяндама жасады. Өз сөзінде ол отырысқа қатысушыларды жүргізіліп жатқан жұмыстар, өзекті тәуекелдер және қабылданып жатқан профилактикалық шаралар туралы хабардар етті.

Отырыс қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылдың алдағы бағыттары айқындалып, профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар әзірленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-zko/press/news/details/1294682?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version