Жетісу облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық орындарға тәулік бойы мониторинг жүргізуді жалғастыруда. Азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылуда.
Мониторинг барысында жаяу жүргіншілердің жолды белгіленбеген жерден кесіп өту фактілері тұрақты түрде анықталуда. Әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде мұндай әрекеттер жол-көлік оқиғаларының орын алу қаупін арттырып, жаяу жүргіншілердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
Анықталған фактілер туралы ақпарат жақын маңдағы полиция жасақтарына жедел түрде жолданады. Құқық бұзушылармен тиісті профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау қажеттігі ескертіледі.
Сонымен қатар «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында бейнебақылау камералары арқылы абаттандыру қағидаларын бұзу, оның ішінде қоқысты белгіленбеген орындарға тастау фактілерін анықтау жұмыстары жалғасуда. Әрбір анықталған факт бойынша тиісті шаралар қабылданып, азаматтармен қайталама құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде профилактикалық жұмыс жүргізіледі.
Полиция тұрғындар мен облыс қонақтарын жолды тек белгіленген орындардан кесіп өтуге, жол қозғалысы талаптарын сақтауға және қоғамдық орындардың тазалығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Қауіпсіздік пен тазалықты сақтау – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1294667?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау