Облыстық сот ғимаратында сот, прокуратура және полиция өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік органдардың соттардың қарауына жататын материалдарды жолдау және қарау мәселелері бойынша өзара іс-қимылына арналған жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында қатысушылар материалдарды сотқа дайындау және жолдау кезінде туындайтын өзекті мәселелерді, белгіленген талаптар мен мерзімдердің сақталуын, сондай-ақ процестік құжаттарды ресімдеу сапасын талқылады.
Ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға, жедел ақпарат алмасуға және практикалық қызмет барысында туындайтын кемшіліктерді жоюға ерекше назар аударылды.
Сот, прокуратура және полиция өкілдері проблемалық мәселелер бойынша пікір алмасып, материалдарды дайындау сапасын арттыруға, сондай-ақ олардың уақтылы әрі объективті қаралуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қарастырды.
Кездесу қорытындысы бойынша алдағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары айқындалып, бірлескен жұмысты одан әрі жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
Мұндай жұмыс кездесулерін өткізу ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға, құқық қолдану тәжірибесінің тиімділігін арттыруға және «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1294669?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау