Мүгедектігі бар азаматтарға қажетті техникалық оңалту құралдары мен жекелеген әлеуметтік қызметтерді таңдауға және алуға мемлекет цифрлық мүмкіндіктер ұсынып отыр.
Солардың бірі – «Әлеумет» әлеуметтік қызметтер порталы. Портал арқылы азамат өзіне қажетті құралды үйден шықпай-ақ таңдап, оны ұсынатын жеткізушіні анықтап, электронды түрде тапсырыс бере алады.
Порталда протездік-ортопедиялық бұйымдар, сурдо- және тифлотехникалық құралдар, жүріп-тұруға арналған құралдар, міндетті гигиеналық құралдар және жекелеген әлеуметтік қызметтер қолжетімді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-mangystau/press/news/details/1294920?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау