Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүк көліктеріне қатысты ауқымды тексеру жұмыстары жалғасуда. Полиция қызметкерлері көліктердің техникалық жағдайына, қауіпсіздік талаптары мен экологиялық нормалардың сақталуына ерекше назар аударуда.
Жыл басынан бері жүк көлігі жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін 22 мыңнан астам рет бұзған. Оның 500-ге жуығы экологиялық талаптарды сақтамауға байланысты. Атап айтқанда, көліктердің уыттылығы мен түтін шығару көрсеткіштерінің белгіленген нормадан асып кету фактілері анықталған.
Тексеру нәтижесінде 75 жүк көлігі мамандандырылған тұраққа қойылып, тағы 216 көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері алынды.
Алматы қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаевтың айтуынша, тексеру жұмыстарының мақсаты тек құқық бұзушылықтарды анықтау емес, қала жолдарындағы қауіпсіздікті арттыру.
«Жүк көліктері күн сайын Алматы көшелеріндегі жол қозғалысына қатысады. Сондықтан олардың техникалық жағдайы мен белгіленген талаптардың сақталуы жол қауіпсіздігіне және қаладағы экологиялық ахуалға тікелей әсер етеді. Тексеру барысында көлік құралдарының құжаттары мен техникалық жағдайы, сондай-ақ жүргізушілердің заң талаптарын сақтауына назар аударылады», – деді Әбдінұр Тасыбаев.
Жүк көліктеріне қатысты тексеру жұмыстары жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/1294952?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау