14.09
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ былтыр қабылданған Су кодексінде көзделген су ресурстарын қорғау және пайдалану жөніндегі сегіз бассейндік жоспарды әзірлеудің екінші кезеңін жүзеге асырып жатыр
15.09
Астана
Қазақстандық шаруалар су беру келісімшарттарының электронды форматқа көшкенін оң бағалауда
15.09
Астана
Қазақстан мен Франция су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту бойынша пилоттық жобаны іске асырады
16.09
Астана
Қазақстандық және нидерландтық сарапшылар техникалық сессия өткізді. Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов «Су тасқыны мен құрғақшылық туралы ерте ескерту ұлттық жүйесін әзірлеу және су инфрақұрылымы туралы деректерді интеграциялау» жобасы бойынша техникалық сессияны ашты.
17.09
Қызылорда облысы
Қызылорда облысындағы 181 көл жүйесін сақтауға 880 млн текше метрден астам су жіберілді
17.09
Астана
Қазақстанда биылғы вегетация кезеңінде 1,1 млн гектарға жуық егістік алқапты суаруға 11,1 млрд текше метр су пайдаланылды
18.09
Астана
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Астана қаласының қорғаныс бөгетін реконструкциялау жұмыстарымен танысты.
18.09
Ақмола облысы
Ақмола облысында 21 ауылдың ауыз сумен қамтылуын жақсарту үшін Нұра топтық су құбыры реконструкцияланып жатыр. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ақмола облысындағы сумен жабдықтау нысандарын салу және реконструкциялау жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын көрді.
18.09
Ақмола облысы
Есіл және Нұра өзендері бассейндерінде су заңнамасының сақталуына мониторинг жүргізіледі. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.
19.09
Астана
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында өткен жалпыұлттық сенбілікте су нысандары мен гидротехникалық құрылыстардың аумақтарынан 465 тоннадан астам қоқыс жиналды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1294937?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау