Абай болыңыз, алаяқтар!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай болыңыз, алаяқтар!
Соңғы уақытта өздерін eGov, ҚР Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) немесе 1414 байланыс орталығының қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға қоңырау шалатын алаяқтар көбейіп отыр.
Алаяқтардың құрбаны болмау үшін мынаны есте сақтаңыз: сертификаттың қолданылу мерзімінің аяқталатыны туралы ресми хабарламалар қоңырау арқылы емес, SMS және электрондық пошта арқылы жіберіледі. Телефон арқылы «ЭЦҚ мерзімін ұзартуды» ұсынбайды.
Ешкімге SMS-кодтарды, ЭЦҚ кілттерін және құпиясөздерді бермеңіз. Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және бейтаныс адамдардың өтініші бойынша бөгде қосымшаларды орнатпаңыз.
Егер сізге осындай қоңырау келсе, әңгімені тоқтатып, ақпаратты тек ресми сервистер арқылы өзіңіз тексеріңіз.
Бұл жазбаны сақтап қойыңыз және жақындарыңызбен бөлісіңіз. Мұндай ақпарат алаяқтардың құрбаны болмауға көмектеседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-denisov/press/news/details/1295371?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version