🔹Атырау облысы Әділет департаменті мен Атырау бизнес және құқық колледжі құқықтық білім беру саласындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында Меморандумға қол қойды.
Келісім аясында студенттердің кәсіби тәжірибесін жетілдіруге, теориялық білімін практикамен ұштастыруға және құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған бірлескен жұмыстар жүргізіледі.
Атап айтқанда, семинарлар, дәрістер, конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізіліп, студенттердің өндірістік және дипломалды практикадан өтуіне жағдай жасалады.
Меморандум тараптардың тәжірибе және әдістемелік материалдармен алмасуына, сондай-ақ құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ортақ жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1295458?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау