Атқарушылық іс жүргізу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабына, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 21-бабының екінші бөлігіне сәйкес заңды күшіне енген шешімдер, ұйғарымдар мен қаулылар барлық мемлекеттік органдар, басқа да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз орындалуға жатады.

Осылайша, Ақсу қаласының ауданаралық сотының атқару парағы негізінде азамат Т.-дан мемлекет кірісіне 6 038 890 теңге мөлшеріндегі берешекті өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу қозғалды.

Павлодар ауданаралық аумақтық сот актілерін орындау жөніндегі бөлімінің сот орындаушысы қабылдаған шаралардың нәтижесінде борышкердің мемлекет алдындағы берешегі толық көлемде өтелді.

Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 124-бабының талаптарына сәйкес, борышкер өндіріп алынған соманың он пайызы мөлшерінде, яғни 603 889 теңге көлеміндегі атқарушылық санкцияны мемлекет кірісіне ерікті түрде төледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-pvl/press/news/details/1295085?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version