Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ұйымдастыруымен атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған кеңес өтті.
Іс-шараға Атырау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында атқарушылық іс жүргізу саласындағы қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістердің негізгі бағыттары түсіндіріліп, оларды құқық қолдану тәжірибесінде біркелкі қолдану мәселелері талқыланды.
Қатысушыларға заңнамалық өзгерістердің мазмұны мен олардың атқарушылық құжаттарды орындау барысында қолданылу тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, атқарушылық іс жүргізу саласында туындайтын мәселелер бойынша пікір алмасып, практикалық сұрақтар қаралды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңнамалық өзгерістерді тиісті деңгейде түсіндіру, құқық қолдану тәжірибесін біріздендіру және қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру.
Кездесу қорытындысы бойынша атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңнама талаптарын сақтау және енгізілген өзгерістерді жұмыста тиімді қолдану бойынша тиісті ұсынымдар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1295455?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау