ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазығұрт ауданында Дүниежүзілік тазалық күніне (World Cleanup Day) орай қоршаған ортаны қоқыстан тазарту, елді мекендердің тазалығына үлес қосу және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық жұмыстары ауданның бірқатар аумақтарында, соның ішінде Қазығұрт асуындағы «Кеме қалған» монументі мен Сарапхана ауылындағы «Мәңгілік ел» саябағында қарқынды жүргізілді.
Сенбілікке аудан әкімі Азизхан Исмаилов арнайы қатысып, тазалық жұмыстарының барысымен танысты. Аудан басшысы табиғатты қорғау мен қоршаған ортаның тазалығын сақтау – баршаға ортақ міндет екенін атап өтті.
– «Тазалық – тек бір күндік шара емес, әрқайсымыздың күнделікті міндетіміз. Туған жеріміздің таза әрі көрікті болуы – өзімізге байланысты. Сондықтан баршаңызды туған жеріміздің тазалығын сақтауға, көшелеріміз бен аулаларымызды таза ұстауға шақырамын», – деді аудан әкімі.
Жалпыаудандық сенбілікке мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен қатар еңбек ұжымдары, білім, денсаулық саласының мамандары, жастар, еріктілер, ардагерлер және ауыл тұрғындары белсенді атсалысты. Ауқымды экологиялық шараға аудан бойынша 3 мыңнан астам адам қатысып, елді мекендердегі көшелер, саябақтар, қоғамдық орындар мен басқа да аумақтар тазаланды.
Тазалық жұмыстары барысында жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы орындарға шығарылып, абаттандыру және көгалдандыру бағытындағы жұмыстар да жүргізілді.
Мұндай игі бастамалар қоршаған ортаны қорғауға ғана емес, тұрғындардың туған жерге деген жауапкершілігін арттыруға, жастарға үлгі көрсетуге және аудан аумағының тазалығы мен көркеюіне ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/1295091?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version