Еңбек – қоғамның тұрақты дамуы мен ел экономикасының өркендеуінің негізгі тірегі. Еңбек адамының адал еңбегі мен кәсіби білімі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосады.
Осы ретте әрбір азаматтың еңбек ету құқығын қамтамасыз ету, қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыру және еңбек заңнамасының талаптарының сақталуы – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі.
Еңбек күні – маңдай терімен ел дамуына үлес қосып жүрген барша еңбек адамын құрметтеу мен олардың еңбегін бағалауға арналған маңызды күн. Бұл мереке еңбектің қадірін арттырып, жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңызын айқындай түседі.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес әрбір жұмыскердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға кепілдік беріледі. Атап айтқанда, жұмыскердің еңбек шартының заң талаптарына сәйкес жасалуы, еңбекақысының уақтылы төленуі, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының сақталуы, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуы және қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз етілуі маңызды.
Осы бағытта Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырып, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырып, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде. Сонымен қатар жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында еңбек заңнамасы талаптарын түсіндіру, еңбек қауіпсіздігін сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады.
Еңбек адамының құқығын қорғау – тек заң талаптарын сақтау ғана емес, сонымен бірге әрбір жұмыскердің еңбегіне деген құрмет пен жауапкершілікті қалыптастыру. Заң талаптары сақталған жерде еңбек қатынастары тұрақты болып, жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы өзара сенім нығаяды.
Еңбек күні – еңбекті бағалау, еңбек адамына құрмет көрсету және оның құқықтарын қорғаудың маңызын тағы бір мәрте айқындайтын күн.
Еңбек адамының құқығы – мемлекет назарында!
Заңды еңбек – лайықты еңбек!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1295359?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау