ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫНДА БАЙҚАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Приозерск қаласында «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық жобасы аясында дайындық жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда қаладағы екі жалпы білім беретін мектеп оқушылары байқауға қатысуға дайындалуда.

Дайындық барысында оқушылар жырды мәнерлеп жатқа айту, шығарма мазмұнын терең түсіну, кейіпкерлердің іс-әрекетін талдау, сондай-ақ көне сөздер мен тарихи ұғымдардың мағынасын меңгеру бағытында жұмыс жүргізуде.

Ұстаздар оқушыларға мәтінді жүйелі жаттау, дауыс ырғағын дұрыс қолдану және жырдың идеялық мазмұнын тыңдаушыға әсерлі жеткізу бойынша бағыт-бағдар беруде.

«Тұлпар мініп, ту алған!» жобасы жас ұрпақтың ұлттық әдеби мұраға қызығушылығын арттыруға, тіл байлығын, есте сақтау қабілеті мен орындаушылық шеберлігін дамытуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1295174?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version