ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ
Қазақстанда алғаш рет республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафоны өтеді. Жоба кітап оқуды насихаттап, оқу мәдениетін дамытуға бағытталған.
Марафон қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада, 7 бағыт бойынша ұйымдастырылады:
• «Кітап оқитын мектеп»
• «Кітап оқитын колледж»
• «Кітап оқитын университет»
• «Кітап оқитын педагог»
• «Кітап оқитын әулет»
• «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші»
• «Кітап оқитын зияткер»
Қатысушылар арнайы іріктелген 330 кітаптың ішінен 15 кітап оқуы қажет. Қорда қазақ және орыс тілдеріндегі отандық шығармалар, әлем классикасы және заманауи туындылар қамтылған.
Негізгі оқу кезеңі 2026 жылғы қыркүйектен 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Қорытынды кезеңде тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.
Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрліг
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1295229?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау