Самар ауданында еркін күрестен аудан әкімінің кубогы сарапқа салынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Самар ауданында 2015–2016 жылы туған ұлдар мен 2013–2014 жылы туған қыздар арасында еркін күрестен аудан әкімінің кубогына арналған ашық турнир өтті.
 
Жарыс «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып, жасөспірімдер арасында тәртіптілік пен жауапкершілікті қалыптастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.
 
Турнирге Өскемен қаласы, Зайсан, Шемонаиха, Самар, Үлкен Нарын аудандарынан, сондай-ақ Абай облысының Жарма және Көкпекті аудандарынан жас балуандар қатысты.
 
Жарыс барысында спортшылар өздерінің шеберлігі мен жақсы дайындығын көрсетіп, жеңіске деген жігерін танытты. Үздіктер анықталып, командалық есепте Самар ауданы бірінші орынға ие болды. Екінші орын — Өскемен қаласына, үшінші орын Жарма ауданына бұйырды.
 
Аудан әкімі Серік Жеңісов  жарысқа қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, жас спортшыларды қолдаудың маңыздылығын атап өтті:
 
«Бүгінгі турнир — жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, өзара тәжірибе алмасуына жақсы мүмкіндік. Спортпен айналысқан жас тәртіпке, жауапкершілікке және мақсатқа жетуге ұмтылады. Барлық қатысушыларға табыс тілеймін. Алдағы уақытта да осындай жарыстар жалғасын тауып, ауданымыздан ел намысын қорғайтын мықты спортшылар шығарына сенемін», — деді аудан әкімі.
 
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, медальдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1295331?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version