Шымкентте «Бір нүктелік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Бір нүктелік» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Іс-шара барысында аудан аумағында орналасқан мейрамханалар мен дәмханаларға профилактикалық аралау жүргізіліп, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, күмәнді сілтемелерге өтпеу, банк карталарының деректері мен SMS-кодтарды бөгде адамдарға бермеу қажеттігін ескертті.

Полиция азаматтарды қырағылық танытып, күмәнді жағдайлар туындаған кезде дереу полицияға хабарласуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1295095?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version