Шымкент қаласы Абай ауданының полиция қызметкерлері рейдтік-профилактикалық іс-шаралар барысында түнгі уақытта тұрғындардың тыныштығын бұзып, елді мекен аумағында пиротехникалық бұйымдарды пайдаланған азаматтарды анықтап, олардың әрекетін тоқтатты.
Нәтижесінде 5 қала түрғынына қатысты пиротехникалық бұйымдарды елді мекендерде қолдану дерегі бойынша 5 әкімшілік хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды.
Полиция азаматтарға пиротехникалық бұйымдарды белгіленбеген орындарда және беймезгіл уақытта пайдалануға жол берілмейтінін ескертеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1295107?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау