Skip to content

Орысша оқу

ЖАЗЫЛУ
КІРУ
Қыркүйек 22, 2026
200News

ҚАЗАҚСТАН

ӨКҚ

ШЫМКЕНТ



№78 МЕКЕМЕСІНДЕ ЖАЗАСЫН ӨТЕП ЖАТҚАН АЗАМАТТАРҒА ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Жарияланды:

22/09/2026 14:16

—

Автор:

Алатау Ахмет-Султан
категорияда Жаңалықтар

Шымкент қаласының Әділет департаменті Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықтық көмек көрсетуге бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде өткізуде.
Осы бағыттағы жұмыстар аясында Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №78 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға тегін құқықтық консультация ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қатысушыларға жаза өтеу тәртібі, сотталғандардың құқықтары мен міндеттері, сот актілерін орындау мәселелері, сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық сипаттағы өзге де мәселелер бойынша жан-жақты түсіндірме берілді.

Сонымен қатар, сотталған азаматтар өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, мамандардан жеке консультация алды. Әрбір мәселе қолданыстағы заңнама талаптары аясында қаралып, тиісті құқықтық түсіндірмелер мен нақты кеңестер берілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жазасын өтеп жатқан азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың заңда көзделген құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, сондай-ақ қоғамға қайта бейімделуіне құқықтық қолдау көрсету.
Шымкент қаласының Әділет департаменті алдағы уақытта да «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға және азаматтарға қолжетімді құқықтық көмек көрсетуге бағытталған жұмыстарды жалғастырады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1296020?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

←Previous: «Қамқорлық» қайырымдылық айы
Next: М. ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ КҮНІ» ӨТТІ→


ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН

ШЫМКЕНТ

АЛМАТЫ

АСТАНА

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Келісім шарттары

Қүпия келісімдері

Қолдану ережелері

АККАУНТ

КІРУ

ЖАЗЫЛУ

“200.NEWS” ТОО “Бахытжан Копбаев Ақпарат агенттігінін” интернет-бысылымы. Тіркеу туралы куәлік №KZ77VPY00071781 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетімен 2024 жылғы 21 ақпанда берілген. Он сегіз жасқа толған пайданушыларға арналған портал. Материалдарды пайдалану шарттарына сәйкес қайта басып шығаруға рұқсат етіледі.

Біздің агенттігіңің телефон нөмері : +77778848811 , почтасы : info@200.news

Exit mobile version